11.01.2026 15:41

Хаби Алонсо қызметінен қуылуы мүмкін

11.01.2026 15:41

«Реал» бас бапкері Хаби Алонсо жұмыссыз қалуы мүмкін

Mundo Deportivo хабарлауынша, егер «Реал» бүгін «Барселонаға» ірі есеппен жеңілетін болса, Мадридтің клубы 44 жастағы маманды мезгілінен бұрын қызметінен қуады.

Алонсо «бланкос» тізгінін маусым айында ұстаған еді. Содан бері команда 24 рет жеңіске жетіп, төрт мәрте тең түссе, бес матчта қарсыласына жол берді.

Айта кетейік, Испания Суперкубогының финалы аясындағы «Барселона» — «Реал» кездесуі бүгін, 11 қаңтарда өтеді. 00:00-де басталатын матчты Sport+ телеарнасынан және Megogo онлайн-сервисінен тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram