30.11.2025 13:52
Рамос «Реалға» оралуы мүмкін
30.11.2025 13:52
«Монтеррей» қорғаушысы Серхио Рамос «Реалға» оралуы мүмкін

Defensa Central мәліметінше, Мадридтің клубы 39 жастағы қорғаушыны қыста еркін агент ретінде қатарына қосып алмақ.
Осыған дейін Испания құрамасының бұрынғы капитаны 31 желтоқсанда аяқталатын Мексика клубымен келісімшартты ұзартпайтыны белгілі болған еді.
Айта кетейік, Рамос «Реал» намысын 2005-2021 жылдар аралығында қорғаған. Осы аралықта 671 ойында 101 гол соғып, 40 нәтижелі пас берді. Ал «Монтеррейде» ақпан айынан бері ойнап келеді.