30.11.2025 10:53

Месси әлем рекордын орнатты

30.11.2025 10:53

«Интер Майами» дүлдүлі Лионель Месси MLS Шығыс конференциясының финалында болған «Нью-Йорк Ситиге» (5:1) қарсы ойында бір нәтижелі пас берді

Осылайша 38 жастағы шабуылшы мансабындағы ассисттер саны 405-ке жеткізіп, әлем рекордын орнатты.

Бұған дейінгі үздік көрсеткіш Ференц Пушкашқа (404 ассист) тиесілі еді. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарында Пеле (369), Йохан Кройфф (358) және Томас Мюллер (352) бар.

Айта кетейік, Месси биыл 40 ойында 38 гол соғып, 22 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram