30.11.2025 09:16
«Интер Майами» чемпион атанды
30.11.2025 09:16
«Интер Майами» MLS Шығыс конференциясының финалында өз алаңында «Нью-Йорк Ситиді» тізе бүктірді

Форт-Лодердейлде өткен кездесуде 5:1 есебі тіркелді. Майамидің клубында Тадео Альенде хет-трик жасаса, Телеско Сеговия мен Матео Сильветти бір голдан соқты. Ал Лионель Месси бір нәтижелі пасымен көзге түсті.
Осылайша флоридалықтар тарихында алғаш рет топ жарып, MLS финалына жолдама алды.
Месси бастаған ұжым ақтық кездесуде Батыс конференциясының үздігі «Ванкувермен» күш сынасады. Финал 6 желтоқсанға жоспарланған.