30.11.2025 02:55
«Атлетико» жеңіске жетті
30.11.2025 02:55
Испания Ла Лигасының 14-турында «Атлетико» өз алаңында «Реал Овьедодан» басым түсті

Мадридте өткен кездесуде алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. Сорлат қарсылас қақпасына қос голды соғып, командасына кезекті үш ұпайды сыйлады.
Осылайша 31 ұпай жинаған «Атлетико» үздік үштікті түйіндеп отыр. Басты қарсыластарын өкшелеп келеді.
Енді Симеоне шәкірттері келесі турда «Барселонаға» қонаққа барады.