30.11.2025 02:52

«Тоттенхэм» ұпай жоғалтты

30.11.2025 02:52

Ағылшын Премьер-лигасының 13-турында «Тоттенхэм» өз алаңында «Фулхэмнен» 1:2 есебімен жеңіліп қалды

Матч есебін 4-минутта Тете ашты. Оның ізін суытпай Уилсон есепті еселеді. Ойынның 59-минутында алаң иелері оянып, Кудус қарсылас қақпасын тулатты.

Осылайша ұпайдан айырылған «Тоттенхэм» 18 ұпаймен 10-орынға төмендеп кетті.

Енді Фрэнк Томас шәкірттері келесі турада сырт алаңда «Ньюкаслмен» бақ сынасады.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram