29.11.2025 23:00
ПСЖ жеңіліс тапты
29.11.2025 23:00
Франция Бірінші лигасының 14-турында ПСЖ сырт алаңда «Монакоға» жол берді

Монакода өткен кездесу 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 68-минутта Такуми Минамино соқты. Сондай-ақ 80-минутта Тило Керер алаңнан қуылып кетті.
Осылайша еншісінде 30 ұпайы бар Париждің клубы турнир кестесінде әзірге көш бастап тұр. Егер бұл турдағы матчтарын әлі өткізбеген «Марсель» немесе «Ланс» жеңіске жетсе, «қызыл-көктер» бірінші орыннан түсіп қалады.
Луис Энрике шәкірттері келесі турда 6 желтоқсан күні «Реннді» қабылдайды.