29.11.2025 22:12
«Барселона» туған күнінде жеңіске жетті
29.11.2025 22:12
Испания Ла Лигасының 14-турында «Барселона» өз алаңында «Алавестің» осал тұсын тапты

«Камп Ноуда» өткен кездесуде Каталонияның клубы 3:1 есебімен жеңіске жетті. Алаң иелерінің сапында Дани Ольмо дубль жасаса, Ламин Ямаль бір гол соқты.
Осылайша 34-ұпайына қол жеткізген «блауграна» live турнир кестесінде көш басына көтерілді. Ханси Фликтің шәкірттері келесі турда 2 желтоқсан күні «Атлетиконы» қабылдайды.
Айта кетейік, дәл бүгін, 29 қарашада «Барселона» футбол клубының құрылғанына 126 жыл толды.