29.11.2025 21:03

Неймардың берілетін түрі жоқ

29.11.2025 21:03

Неймар: «Бұл жарақат көңіл-күйді түсіріп, ашуландырады. Бірақ мені тоқтататын нәрсе емес»

«Сантос» шабуылшысы Неймар жарақаттан кейінгі жағдайы туралы айтты. Сонымен қатар алдағы ойынға дайын екендігін жеткізді.

«Физикалық тұрғыда өзімді жақсы сезінемін. Күн өткен сайын қалпым жақсарып келе жатқанын байқаймын. Бұл жарақат көңіл-күйді түсіріп, ашуландырады. Бірақ мені тоқтататын нәрсе емес. Мен келесі матчқа да дайын боламын», - деді Неймар.

Бұған дейін Неймар сол жақ тізесін жарақаттап, маусымның соңын өткізіп алуы және 2025 жылы қайта ойнамауы мүмкін екені хабарланған.

«Сантос» медициналық штабы футболшыға ота жасауды ұсынған, алайда ойыншы чемпионаттың соңғы турларында алаңға қайта оралуды шешкен. Жалпы, осы маусымда Неймар клуб деңгейінде 26 матчта 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram