29.11.2025 20:54

Инсинье Италияға оралады

29.11.2025 20:54

Инсинье «Лацио» клубымен 2027 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қоюға келісім берді

Лоренцо Инсинье еркін агент ретінде «Лацио» клубына ауысуға келісім берді, деп хабарлайды инсайдер Николо Скира. Дереккөздің мәліметінше, 34 жастағы италиялық футболшы маусымына 1,2 млн еуро жалақысы бар келісімшартты 2027 жылдың жазыға дейін римдіктермен жасауға келісімін берген.

Команданың бас бапкері Маурицио Сарри Инсиньені құрамда көргісі келеді және жаңа ойыншыларды тіркеуге рұқсат берілгенін күтіп отыр. Еске салайық, «Лацио» клубы қаржылық фэйр-плей ережелерін сақтамағаны үшін трансферлік тыйымға ұшырап, қаңтар айына дейін жаңа ойыншыларды тіркей алмайды.

Инсинье 2025 жылдың шілде айының басында «Торонто» клубынан еркін агент ретінде кетті. Өткен маусымда ол 13 матчқа қатысып, 1 гол соғып және 3 нәтижелі пас берген.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram