29.11.2025 21:21

«Бавария» жеңісті жұлып әкетті

29.11.2025 21:21

Германия Бундеслигасының 12-турында «Бавария» өз алаңында «Санкт-Паулиді» тізе бүктірді

«Альянц Аренада» өткен кездесуде 3:1 есебі тіркелді. Матчтың 6-минутында Андреас Унтонджи гол соғып, есеп ашты. Бұған «Бавария» үш доппен жауап қайырды. 44-минутта Рафаэль Геррейро мергендік танытса, 90+3-те Луис Диас, ал 90+7-де Николас Джексон дараланды.

Осылайша 34-ұпайына қол жеткізген Мюнхеннің клубы турнир кестесінде көш басында қала береді.

Венсан Компани шәкірттері келесі турда 6 желтоқсан күні «Штутгартқа» қонаққа барады. Ал одан үш күн бұрын Ел кубогында «Унион Берлинмен» күш сынасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram