30.11.2025 00:08
Йылдыздың дублі «Ювентуске» жеңіс әкелді
30.11.2025 00:08
Италия А Сериясының 13-турында «Ювентус» өз алаңында «Кальяриден» басым түсті

«Альянц Стэдиумда» өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Турин клубының қос голын Кенан Йылдыз соқты.
Осылайша 23-ұпайына қол жеткізген «бьянконери» live турнир кестесінде жетінші сатыға жайғасты.
Лучано Спаллетти шәкірттері келесі турда 7 желтоқсан күні «Наполиге» қонаққа барады. Ал одан бес күн бұрын Ел кубогында «Удинезені» қабылдайды.