30.11.2025 13:28

«Реал» капитаны клубтан кеткісі келеді

30.11.2025 13:28

«Реал» капитаны Федерико Вальверде клуб ауыстыруы мүмкін

The Mirror хабарлауынша, команданың бірқатар ойыншылары Хаби Алонсоның бапкер болғанын қаламайды екен. Олардың қатарында Вальверде де бар.

Қазіргі таңда 27 жастағы жартылай қорғаушыға «Манчестер Юнайтед» көз тігіп отыр. Ал «Реал» Федериконы сату арқылы кемі 114 миллион еуро тапқысы келеді.

Вальверде осы маусымда 17 матчқа қатысып, төрт нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram