30.11.2025 13:04
Дезире Дуэ ПСЖ-да қалады
30.11.2025 13:04
ПСЖ вингері Дезире Дуэ ешқайда кетпейді

Николо Скираның мәліметінше, қос тарап келісімшартты 2030 жылға дейін ұзарту туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Жаңа құжатқа сәйкес, Дуэнің жалақысы да айтарлықтай өседі екен.
Дуэ осы маусымда сегіз ойынға қатысып, үш гол мен үш нәтижелі пастың авторы атанды. Оның Париж клубымен келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.