29.11.2025 17:04
Рамос «Монтеррейден» кетеді
29.11.2025 17:04
Серхио Рамос жыл соңында «Монтеррейден» кетеді

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 39 жастағы қорғаушы 31 желтоқсанда аяқталатын келісімшартты ұзартпау туралы шешім қабылдап қойыпты.
Бірақ Испания құрамасының бұрынғы капитаны мансабын аяқтамайды екен. Серхио еркін агент ретінде жаңа клуб іздемек.
Айта кетейік, Рамос Мексиканың клубында ақпан айынан бері ойнап келеді. Осы аралықта 30 матчқа қатысып, жеті гол соқты.