29.11.2025 16:46

Матета топ-клубқа ауысуы мүмкін

29.11.2025 16:46

«Кристал Пэлас» шабуылшысы Жан-Филипп Матета мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, француз форвардын «Милан» өз қатарынан көргісі келеді. «Россонери» Лондонның клубына қысқы трансфер кезеңінде ресми ұсыныс жасамақ ниетте.

Сондай-ақ 28 жастағы футболшыға Ағылшын Премьер-лигасының бірқатар клубы қызығушылық танытып отыр екен.

Матета осы маусымда 21 матчта сегіз гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram