29.11.2025 13:43
Гехи ат басын Мадридке бұруы мүмкін
29.11.2025 13:43
«Кристиал Пэлас» қорғаушысы Марк Гехи «Атлетикоға» ауысуы мүмкін

Marca хабарлауынша, Мадридтің клубы 25 жастағы ойыншыны келер жазда еркін агент ретінде қатарға қосуды көздейді.
Сондай-ақ Англия құрамасының өкіліне «Барселона», «Бавария» және АПЛ-дың бірқатар клубтары көз тігіп отыр екен.
Айта кетейік, Гехи ішкі біріншіліктің осы маусымында 11 ойында бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.