21.03.2026 13:28
Райя әлемнің үздік қақпашысын атады
21.03.2026 13:28
«Арсенал» қақпашысы Давид Райя қазіргі таңдағы әлемнің үздік қақпашысын атады

— «Ондай екеу. Бірі – Тибо Куртуа, екіншісі – Джанлуиджи Доннарумма.
Куртуа «Реалда» әрқашан керемет ойын көрсетеді. Соңғы «Манчестер Ситимен» ойынды алып қарасақ та өте сенімді ойнады. Теңдессіз қақпашы»,— деді 30 жастағы испаниялық голкипер.
Осыған дейін Альваро Арбелоа Тибо Куртуаны «Реал» тарихындағы ең үздік қақпашы деп атаған еді.