21.03.2026 03:24
«Манчестер Юнайтед» ұпай жоғалтты
21.03.2026 03:24
Ағылшын Премьер-лигасының 31-турында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Борнмутпен» тең тарқасты

«Виталити» стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Алаң иелерінің сапында Райан Кристи мен Эли Жуниор Крупи гол соқты. Ал «Манчестер Юнайтед» құрамында Бруну Фернандеш пенальтиді сәтті орындады. Сондай-ақ «қызыл сойқандардың» пайдасына Джеймс Хилл автогол соғып алды.
Осылайша манкуниандықтар 55-ұпайын олжалап турнир кестесінде үшінші орында қалды.
Майкл Кэррик шәкірттері келесі турда 13 сәуір күні «Лидсті» қабылдайды.