20.03.2026 21:54

Мбаппе Мадрид дербиіне 100% дайын

20.03.2026 21:54

«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппенің жағдайы белгілі болды

Marca хабарлауынша, ол 22 наурыз күні Ла Лиганың 29-туры аясында өтетін «Атлетикоға» қарсы матчқа 100% дайын. Килиан Мадрид дербиіне негізгі құрам ойыншысы ретінде қатысады екен.

27 жастағы француз форварды осыған дейін сол аяғының тізесін зақымдап алып, соңғы алты матчтың бесеуінде ойнамаған еді. Тек кейінгі «Манчестер Ситимен» (1:2) кездесуде ойынға тыңнан қосылып, 22 минут төбе көрсетті.

Мбаппе осы маусымда 34 матчта 38 гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram