20.03.2026 20:15
Салах қатардан шықты
20.03.2026 20:15
«Ливерпуль» вингері Мұхамед Салах жарақат алды

33 жастағы мысырлық ойыншы Чемпиондар лигасы 1/8 финалы аясындағы «Галатасарайға» (4:0) қарсы қарымта матчта бұлшық етін зақымдап алыпты.
Осыған байланысты шамамен екі апта командасына көмектесе алмайды. Салдарынан Ұлттық құрамаға бармайды және ертең, 21 наурызға жоспарланған «Брайтонға» қарсы кездесуге қатыспайды.
Салах осы маусымда 34 матчта 10 гол соғып, тоғыз нәтижелі пас берді.