21.03.2026 13:12

Хакими Африка кубогынан бас тартты

21.03.2026 13:12

Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Африка кубогынан бас тартатынын айтты

— «Анам менен трофейден бас тартуымды өтінді. Мен ресми түрде Африка кубогынан бас тартамын және командаластарым да солай жасайды деп үміттенемін. Бізде оны жеңуге мүмкіндік болды, бірақ пайдалана алмадық. АФК шешімін құрметтеймін, алайда трофейді ала алмаймын. Мен 2026 жылы Африка Ұлттар кубогын жеңген жоқпын. Сенегалды тағы да құттықтаймын»,— деді 27 жастағы ПСЖ ойыншысы.

Айта кетейік, Африка Ұлттар кубогының финалында Сенегал Марокконы 1:0 есебімен жеңген еді. Алайда екі айдан кейін Марокконың аппеляциясы қабылданып, Сенегалға 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылды. Осылайша Марокко турнирдің екі дүркін (1976, 2025) чемпионы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram