21.03.2026 12:02

Алиссон қатардан шықты

21.03.2026 12:02

«Ливерпуль» қақпашысы Алиссон Бекер қатардан шықты

33 жастағы бразилиялық голкипер тағы жарақат алып қалыпты. Осыған байланысты шамамен бір ай командасына көмектесе алмайды.

Соның салдарынан оның орнына Бразилия құрамасына «Коринтианста» ойнайтын Уго Соуза шақырту алды.

Мерсисайдтың клубы бүгін, 21 наурызда АПЛ 31-туры аясында «Брайтонмен» кездеседі. Бұған дейін Мұхамед Салахтың да ойнамайтыны белгілі болған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram