14.03.2026 13:03

Арбелоа: Куртуа – «Реал» тарихындағы үздік қақпашы

14.03.2026 13:03

«Реал» бас бапкері Альваро Арбелоа клуб тарихындағы ең үздік қақпашысы атады

— «Куртуа әлде Касильяс? Мен әлемдегі ең үздік қақпашылардың бірімен ойнадым және тарихтағы үздігі деп есептеймін. Бірақ Куртуа секілді ешкімді көрмедім. Сондықтан, менің ойымша, ешқандай күмәнсіз Тибо – «Реал» тарихындағы үздік қақпашы», – деді Арбелоа.

33 жастағы бельгиялық голкипер Мадрид клубының намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы аралықта 327 матчта 319 гол өткізіп, 128 ойында қақпасына доп жібермеді. Сондай-ақ командамен Испанияның үш дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында екі мәрте топ жарды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram