14.03.2026 11:36

Азар Месси мен Роналду арасында таңдау жасады

14.03.2026 11:36

«Челси» мен «Реалдың» бұрынғы вингері Эден Азар Лионель Месси мен Криштиану Роналдуға қатысты пікір білдірді

— «Мен әрқашан Мессиді таңдаймын. Себебі ол маған ұнайтын мәнерде ойнайды. «Реал» жанкүйері ретінде Роналдуды айтуыма да болар еді, бірақ ол ұлы сұрмерген, ғаламат атлет. Ал Месси менің талғамыма көбірек сай келеді.

Мессиге қарсы ойнағанда «уау» деп қалатын кездер болады. Олармен замандас болған, 20 жыл бойы ойындарын тірідей көрген бізде арман жоқ»,— деді Эден.

Азар мансабын 2023 жылы 32 жасында аяқтады. Ол «Реал», «Челси» және «Лилль» сапында доп тепкен.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram