13.03.2026 21:53

Ағылшын Премьер-лигасының үздік ойыншысы белгілі болды

13.03.2026 21:53

«Манчестер Сити» вингері Антуан Семеньо Ағылшын Премьер-лигасының ақпандағы үздік ойыншысы атанды

26 жастағы ганалық вингер өткен айда бес матчта үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Виктор Дьокерешті («Арсенал»), Нико О'Райлиді («Манчестер Сити»), Данго Уаттараны («Брентфорд»), Беньямин Шешконы («Манчестер Юнайтед») және Вирджил ван Дейкті («Ливерпуль») артқа тастады. Бұл оның мансабындағы алғашқы жүлдесі болды.

Семеньо «қалалықтар» сапына 9 қаңтар күні «Борнмуттан» 72 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол содан бері 14 матчта жеті гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram