13.03.2026 18:43

Мендидің жағдайы белгілі болды

13.03.2026 18:43

«Реал» қорғаушысы Ферлан Мендидің жағдайы белгілі болды

30 жастағы француз ойыншысы «Манчестер Ситиге» (3:0) қарсы бірінші матчта оң аяғының бұлшық етін зақымдап алған еді.

Альваро Эстебанның хабарлауынша, ол 17 наурыз күні өтетін қарымта ойыннан тыс қалатын болды. Ал 22 наурызға жоспарланған «Атлетикоға» қарсы дербиге қатысу-қатыспауы белгісіз болып тұр.

Менди осы маусымда жалпы бес ойын өткізіп, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram