13.03.2026 14:34
Холанд «Реалға» ауысуға дайын
13.03.2026 14:34
«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд «Реалға» ауысуы мүмкін

L'Equipe хабарлауынша, Мадрид клубының президенті Флорентино Перес Холандты өз командасында, Килиан Мбаппенің қасында көргісі келеді.
Эрлингтің өзі «Реалдан» ұсыныс түсіп жатса, жазда ауысып кетуге дайын екен.
25 жастағы норвегиялық форвард «Манчестер Сити» намысын 2022 жылдан бері қорғайды. Ол осы маусымда 40 матчта 29 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.