13.03.2026 12:51

Мбаппе қатарға оралады

13.03.2026 12:51

«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппенің жағдайы белгілі болды

RMC Sport хабарлауынша, 27 жастағы француз форварды өзін жақсы сезініп жүр. Соңғы жаттығуларда оның тізесі сыр бермепті. Осылай жалғасса, ол Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы «Манчестер Ситиге» қарсы матчқа қатысуы мүмкін.

Мбаппе осыған дейін сол аяғының тізесін зақымдап алып кейінгі төрт матчтан тыс қалған еді.

«Реал» мен «Манчестер Сити» арасындағы қарымта кездесу 17 наурыз күні «Этихад» стадионында өтеді. Мадридте болған алғашқы матчта «бланкос» Федерико Вальверденің хет-тригінің арқасында 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram