13.03.2026 14:56

Рис Джеймс «Челсиде» қалады

13.03.2026 14:56

«Челси» қорғаушысы әрі капитаны Рис Джеймс клубта қалады

Дэвид Орнштейннің хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2032 жылдың 30 маусымына дейін ұзартады. Оған сәйкес, Джеймстің жалақысы да біршама артады екен.

26 жастағы англиялық ойыншы Лондон клубының негізгі командасында 2019 жылдан бері ойнайды. Ол осы маусымда 35 матчта екі гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Ал қазіргі келісімшарты 2028 жылдың жазында күшін жояды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram