14.03.2026 11:14

«Реалдың» үздік ойыншысы белгілі болды

14.03.2026 11:14

Федерико Вальверде «Реалдың» ақпандағы үздік ойыншысы атанды

27 жастағы уругвайлық жартылай қорғаушы өткен айда алты матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Тибо Куртуаны, Орельен Тчуамениді, Эдуардо Камавинганы және Винисиус Жуниорды артқа тастады.

Вальверде Мадрид клубының намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 39 матчта алты гол соғып, 12 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram