13.03.2026 22:19

Гвардиола АПЛ-дың үздік бапкері атанды

13.03.2026 22:19

Пеп Гвардиола Ағылшын Премьер-лигасының ақпандағы үздік бапкері атанды

Оның тұсындағы «Манчестер Сити» өткен айда «Лидсті» (1:0), «Ньюкаслды» (2:1), «Фулхэмді» (3:0) және «Ливерпульді» (2:1) жеңіп, «Тоттенхэммен» (2:2) тең ойнады.

Осылайша Пеп жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде Кит Эндрюсті («Брентфорд»), Майкл Кэррикті («Манчестер Юнайтед») және Арне Слотты («Ливерпуль») шаң қаптырып кетті. Бұл оның мансабындағы 12-жүлдесі болды.

29 турдан кейін 60 ұпай жинаған «қалалықтар» Ағылшын Премьер-лигасында екінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram