14.03.2026 12:42

«Барселона» ойыншысы «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

14.03.2026 12:42

«Барселона» қорғаушысы Алехандро Бальде мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, оны «Ливерпуль» өз қатарынан көргісі келеді. Мерсисайдтың клубы 22 жастағы испаниялық ойыншыны жазда клубтан кетуі мүмкін Эндрю Робертсонның орнына қарастырып отыр. Сондай-ақ «Манчестер Юнайтед» те Бальдеге қызығушылық танытуда.

Ал «Барселона» болса келіссөз жүргізіп көруге дайын екен. Клубтың спорт директоры Деку Бальдені сатуды дұрыс шешім деп есептейді.

Бальде «блауграна» намысын 2022 жылдан бері қорғайды. Ол осы маусымда 34 матчқа қатысып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram