14.03.2026 11:58

Ян Облак қатардан шықты

14.03.2026 11:58

«Атлетико» қақпашысы Ян Облак жарақат алды

33 жастағы словениялық голкипердің бүйірі ауырып, кешегі жаттығуды соңына дейін аяқтай алмапты. Медициналық тексерістің нәтижесінде оның бұлшық етінің созылып кеткені белгілі болды.

Осыған байланысты ол бүгін, 14 наурыз күні өтетін Испания Ла Лигасының 28-турындағы «Хетафеге» қарсы матчта ойнамайды. Ал 18 наурызға жоспарланған Чемпиондар лигасы 1/8 финалы аясындағы «Тоттенхэмге» (5:2) қарсы матчқа қатысу-қатыспауы белгісіз болып тұр.

Облак осы маусымда 37 матчта 47 гол өткізіп, 10 ойында қақпасына доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram