27.09.2025 22:54
«Қайрат» – «Реал» матчының комментаторлары белгілі болды
27.09.2025 22:54
УЕФА Чемпиондар лигасының 2-туры аясында «Қайрат» өз алаңында Мадридтің «Реалын» қабылдайды
Тарихи матчты ел аумағында екі арнадан тамашалай аласыздар.
Qazsport телеарнасында кездесуді Ерсін Ерік пен Ербол Қайыров жүргізеді. Ал Qazaqstan ұлттық арнасының тікелей эфирін Жандос Байділдә мен Фархат Қаналы тізгіндейді.
Алматыдағы «Орталық» стадионда өтетін матч 30 қыркүйек, сағат 21:45-ке жоспарланған.