24.09.2025 00:12
«Қайрат» – «Реал» матчының барлық билеті сатылып кетті
24.09.2025 00:12
Чемпиондар лигасының 2-туры аясында «Қайрат» пен «Реал» кездеседі
Алматыдағы «Орталық» стадионда өтетін матчта ине шаншар орын болмайын деп тұр. Себебі, матчтың барлық билеті түгел сатылып кетті.
Тарихи ойын 30 қыркүйек күні, сағат 21:45-ке жоспарланған.
Айта кетейік, бірінші турда «Спортингке» (1:4) есе жіберген «сары-қаралар» турнир кестесінде 34-орында келеді. Ал «Марсельді» (2:1) тізе бүктірген мадридтіктер 13-сатыға жайғасқан.