23.09.2025 16:31
«Қайрат» – «Реал» матчы жабық форматта өтеді
23.09.2025 16:31
30 қыркүйек күні «Қайрат» U19 UEFA Youth League 2-туры аясында «Реал» U19 командасын қабылдайды.
Бірақ матч жабық өтетін болды. Тек клуб қызметкерлері, бапкерлер мен ойыншылардың ата-анасы кіре алады.
Клуб мұндай шешімді Т.С.Сегізбаев атындағы Академия алаңының сыйымдылығы бар-жоғы 250 орын болуына байланысты қабылдады.
Алайда міндетті түрде тікелей эфирде тамашалау мүмкіндігі болады.
Естеріңізге сала кетсек, алматылықтар бірінші ойында «Спортингтегі» құрдастарына 2:3 есебімен есе жіберген еді.