23.09.2025 14:55

«Қайрат» – «Реал»: билеттер туралы ақпарат

23.09.2025 14:55

Бүгін, 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де «Қайрат» – «Реал» матчының билеттері сатылымға шығады

Билеттерді клубтың ресми сайтында, Ticketon жүйесінде және Qairat SuperApp қосымшасында сатып ала аласыз. Билет құны 30 000 – 250 000 теңге арасында болады.

Ticketon платформасында сатылым басталғанда виртуалды кезек қалыптасады, сондықтан алдын-ала дайын отыруыңызды ұсынамыз.

Маңызды ескертулер:

  • Стадион сызбасын толық әрі дұрыс көру үшін Qairat SuperApp қосымшасын App Store немесе Play Market арқылы соңғы нұсқасына жаңартыңыз.

  • Сайт пен Ticketon арқылы алынған билеттер матч күні электрондық поштаға жіберіледі.

  • Qairat SuperApp-тағы жарамды QR-код ойын басталардан бірнеше сағат бұрын автоматты түрде жаңартылады.

  • Скриншоттар мен бейресми көздерден алынған билеттер жарамсыз болып есептеледі.

Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының 2-туры аясында өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайды. «Орталық» стадионда өтетін тарихи матч 30 қыркүйек күні сағат 21:45-ке белгіленген.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram