10.09.2025 12:15

UEFA президенті «Қайрат» базасына келді

10.09.2025 12:15

UEFA президенті Александр Чеферин «Қайрат» клубының спорт базасына келді.

Чеферин «Қайрат» U15 пен WU17 командасы және көру қабілеті толық немесе жартылай шектелген жандарға арналған Kairat Blind Football ойыншыларымен кездесу өткізді.

Сондай-ақ UEFA президенті негізгі команда мен «Қайрат-Жастар» бапкерлер штабымен жүздесті.

Чеферин жастарға жасалған жағдай Еуропаның топ-клубтарының деңгейімен тең екенін айтыпты.

Сонымен қатар Александр Чеферин «Қайратты» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуымен құттықтады.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram