05.09.2025 16:34
«Қайрат» Лука Гадранимен қош айтысты
05.09.2025 16:34
«Қайрат» грузиялық 28 жастағы қорғаушы Лука Гадранидің кеткенін хабарлады
Гадрани мерзімінен бұрын Израильдің «Бейтар» клубына ауысып кетті.
Лука алматылықтардың қатарына 2024 жылдың қаңтар айында қосылған еді.
Содан бергі 21 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Қазақстанда «Тараз» бен «Ақтөбеде» ойнаған.