29.08.2025 11:22

«Ең алыс сапар». Real Madrid TV «Қайраттың» түсуіне қатысты пікір білдірді

29.08.2025 11:22

Real Madrid TV Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің жеребесі кезінде тікелей эфир өткізіп, «Қайраттың» түсуіне қатысты пікір білдірді.

«Ешкім күмәнданбаған да шығар. Ең алыс сапар бізге бұйырды. Үйден жырақ, тікелей 6500 шақырым, шамамен Қытайда.

Басқа фавориттер және бірінші қоржындағылармен салыстырғанда, «Реалға» өткен маусымдағыдай ең ыңғайсыз жеребе түсті.

Қандай сәйкестік, екі жеребе де компьютер арқылы өтті. Жарайды, тағы талқылай жатармыз. Бірақ әлсіз қарсылас деген күннің өзінде бізге Қытайдың шегарасына дейін 300 км құрайтын ең жаман сапар бұйырды», – деді жүргізушілер.

Алматыдағы «Қайрат» – «Реал» матчының қашан өтетіні 30 тамыз күні белгілі болады.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram