02.09.2025 15:24
Беллингем «Қайратпен» ойынға қатыса ма?
02.09.2025 15:24
«Реал» ойыншысы Джуд Беллингем қатарға қыркүйек айының соңында оралады
Испаниялық журналист Серхио Кирантенің айтуынша, англиялық жартылай қорғаушы 28 қыркүйек күні Ла Лиганың 7-туры аясында өтетін «Атлетикоға» қарсы ойында алаңға шығады екен.
Беллингем клубтар арасындағы әлем чемпионатынан кейін иығына ота жасатқан еді. Осыған байланысты, «Реалдың» соңғы төрт ойынына қатыса алмады.
Ал Чемпиондар лигасының 2-туры аясындағы «Қайрат» пен «Реал» арасындағы Алматыда өтетін кездесу 30 қыркүйекке жоспарланған.