31.08.2025 11:43

«Қайрат» – «Реал»: билеттер туралы ақпарат шықты

31.08.2025 11:43

«Қайрат» футбол клубы «Реалмен» өтетін ойынның билеттеріне қатысты мәлімдеме жасады

— Әлеуметтік желілерде таралып жатқан «Қайрат» «Реал Мадрид» УЕФА Чемпиондар лигасы матчының билетін сату немесе алдын ала брондау жайлы ақпарат - шындыққа жанаспайтын, жаңсақ хабарлама.

Билетке қатысты жалғыз ресми дереккөздер клубтың ресми сайты мен «Қайрат» ФК-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшалары.

Қазіргі уақытта билеттің сатылымға шығу күні мен бағасы бекітілген жоқ. Жанкүйерлерден бөгде хабарландыруларға сенбеулерін және билетті бейресми арналар арқылы сатып алмауларын қатаң түрде сұраймыз,– делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының 2-туры аясында өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайды. «Орталық» стадионда өтетін тарихи матч 30 қыркүйек күні сағат 21:45-ке жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram