09.09.2025 15:49

Мессидің нөмірі кімге бұйыратыны белгілі болды

09.09.2025 15:49

Лионель Месси Аргентина құрамасының алдағы Эквадорға қарсы ойынына қатыспайды

Венесуэлаға (3:0) қарсы ойында дубль жасап, Аргентинадағы соңғы ойынын өткізген Мессиге бас бапкер Лионель Скалони демалыс беруді жөн көріпті.

Леандро Алвестің мәліметінше, осыған байланысты алдағы ойында Мессидің 10-нөмірін «Атлетико» жартылай қорғаушысы Тьяго Альмада арқалайтын болды.

Альмада «альбиселесте» намысын жалпы 11 ойында қорғап, төрт гол мен екі нәтижелі пастың авторы атанған.

Айта кетейік, ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясындағы Эквадор – Аргентина кездесуі ертең, 10 қыркүйек сағат 04:00-ге жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram