05.09.2025 08:11

Лионель Месси дубль жасады

05.09.2025 08:11

Аргентина құрамасы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясында Венесуэланы қабылдап, 3:0 есебімен жеңді.

Қос голды Лионель Месси соғып, бір голдың авторы Лаутаро Мартинес атанды.

Бұл Леоның құрама сапында өз алаңында өткізген соңғы матчы болуы мүмкін.

Жанкүйерлер «Барлығы үшін рақмет, капитан» деп жазып келсе, Мессидің өзі ойын алдында үш ұлын алып шықты және көз жасына ерік бере жаздады.

Жақып Марғұлан

Жақып Марғұлан

InstagramInstagram