04.09.2025 21:30
Де Брюйне Бельгия құрамасының капитаны атағынан айырылды
04.09.2025 21:30
Бельгия құрамасының бас бапкері Руди Гарсия Кевин де Брюйненің алдағы матчтарда капитан болмайтынын айтты
— «Лихтенштейнге қарсы ойында капитандық қызметті Юри Тилеманс атқарады. Юри – жас футболшылар мен сақа ойыншыларды байланыстыратын «алтын көпір»,– деді бас бапкер.
Де Брюйне Бельгия сапындағы тұсаукесер ойынын 2010 жылдың 11 тамызында өткізген болатын. Осы аралықта жалпы 111 матчта ел намысын қорғап, 31 гол соқты.
Айта кетейік, Бельгия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында бүгін Лихтенштейнмен кездеседі. Сондай-ақ бұл екі құрамамен бірге J тобында Қазақстан, Уэльс және Солтүстік Македония күш сынасып жатыр.