04.09.2025 16:36

Диогу Далот қатардан шықты

04.09.2025 16:36

Португалия құрамасының ойыншысы Диогу Далот қатардан шықты

«Манчестер Юнайтед» қорғаушысы жаттығу кезінде бұлшық етін зақымдап алыпты.

Осыған байланысты, Далот ұлттық құрама қосынынан кетіп, Манчестерде жарақатынан айығуын жалғастыратын болды.

Оның орнын басу үшін құрамаға «Лацио» футболшысы Нуну Тавареш шақырту алды.

Бұған дейін Рафаэль Леау жарақат алып, құрамға енбеген еді. Сондай-ақ, жеке бағдарлама бойынша оқшауланып жаттығып жүрген Франсишку Консейсаудың да алдағы ойындарға қатысу-қатыспауы белгісіз.

Айта кетейік, Роберто Мартинес шәкірттері 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда екі ойын өткізеді. Алдымен 6 қыркүйекте Армениямен кездессе, араға үш күн салып, Венгриямен күш сынасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram