03.09.2025 09:32

«Атлетико» дүлдүлі қатардан шықты

03.09.2025 09:32

«Атлетико» ойыншысы Алекс Баэна бір айға жуық уақытқа қатардан шықты

Испаниялық ойыншы соқырішегіне ота жасатыпты.

Осыған байланысты, төрт апта бойы командасына көмектесе алмайды.

Айта кетейік, Алекс осы жазда «Вильярреалдан» «Атлетикоға» 42 миллион еуроға ауысқан еді. Ол Мадридтің клубымен 2030 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram