27.08.2025 10:19
Карраско «Атлетикоға» қайта оралуы мүмкін
27.08.2025 10:19
«Әл-Шабаб» шабуылшысы Янник Карраско «Атлетико» ойыншысы атануы мүмкін
AS мәліметінше, саудиялық клуб бельгиялық ойыншыға түскен ұсыныстарды қарастыруға дайын.
Мадридтік ұжымның бас бапкері Диего Симеоне жеке өзі Каррасконы қатардан көргісі келеді. Жақында, осы жайында клуб директоры Карлос Бусеромен әңгіме өрбіткен екен.
Биылғы маусымда Карраско 18 матч өткізіп, екі гол соғып, алты нәтижелі пас берді. Ал «матрасшылар» жейдесінде жалпы 266 кездесуге қатысып, 47 гол мен 35 ассисттің авторы атанған.