26.08.2025 18:34
Фермин Лопес АПЛ клубына ауысуы мүмкін
26.08.2025 18:34
«Барселона» футболшысы Фермин Лопес мансабын АПЛ-де жалғастыруы мүмкін
Diario Sport мәліметінше, «Челси» испаниялық жартылай қорғаушы үшін «Барселонаға» 50 миллион еуро төлеуге дайын.
Каталониялықтардың бұл ұсынысты қабылдауы ғажап емес. Себебі, аталған қаражат клубтың барлық қаржылық мәселелерін шешуге көмектесуі мүмкін.
Фермин Ла Лиганың өткен маусымында 28 ойынға қатысып, 6 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді.